Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қызылжар ауылында шабандоздар арасында көкпар сайысы өтті
16 мамыр, 2023 жыл 234 Басып шығару нұсқасы

    «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Дін мен дәстүр» бағыттық бастамасымен Қарағанды облысы, Бұқар Жырау ауданына қарасты Қызылжар ауылында шабандоздар арасында көкпар сайысы өтті.

Қызылжар ауылдық мешітінің имамы Бақытжан Құмаpұлының ұйымдастыруымен өткен сайысқа бірнеше команда қатысып, көкпаршылар білек күші мен ат құлағында ойнайтын шеберлігін сарапқа салды. Сайысты тамшалауға аймақ халқы мол жиналды.

«ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен облысымыздың түкпір-түкпірінде дін мен дәстүрдің сабақтастығы насихатталып келеді. Қызылжар ауылында өткен бүгінгі шара да қазақ халқының спорттық ойын түрлерін одан ары дамыту және жастардың ат спортына деген қызығушылығын ояту бағытында іске асуда. Көкпар – ежелден келе жатқан ата-бабамыздың ұлттық ойыны. Біз бабадан мұра болған бұл спорт түрін дамытуымыз керек.»,-деді облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы.

Бас имам осы бастаманың іске асуына мұрындық болған ұйымдастырушылардың еңбегін жоғары бағалады. Сайыстың көрігін қыздырып, жұрт көңілінен шығып, жеңіске жеткен командалар Қарағанды облысы өкілдігі атынан марапатқа ие болды.

Коммандалық сайыс қорытындысы бойынша:

І орын «Қаражар» коммандасы (40 000 теңге);
ІІ орын «Нұра» коммандасы (25 000 теңге);
ІІІ орын «Самархант» коммандасы (15 000 теңге).

Жаппай көкпар сайысы бойынша:

«Жаңа талап» ауылының балуаны  Бәлбіұлы Мизам 1 қойды иеменденді;

Шымкент қаласынан келген Жорабек  есімді балуан 1 тайды және 1 түйені қанжығасына байлап, олжамен қайтты.

Барлық жүлделі орындарға арнайы медальлар мен кубоктар табысталды.

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары