Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызының ұйымдастыруымен мешіт шәкіттері «Өмірге үміт сыйла» атты акция аясында науқас балаға қаржылай жәрдем көрсетті.
Біреудің қажетіне жәрдем бер, Алла сенің қажетіңді береді. Пайғамбарымыз(с.ғ.с) әрдайым адамдарға көмектескен. Алла Тағала: «Бір-біріңе жақсы істерде көмектесіңдер, бірақ жауластық пен жаман істерде бір-біріңе көмектеспеңдер»-дейді.
Осы орайда игі істі жүзеге асыруды қолға алған мешіт шәкірттері баласы науқас қарт анаға қолдау көрсетіп, перзентін емдеу үшін қажетті қаражат жинап берді. Жиналған қаражатты мешіт ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызы табыстап, өзінің жылы лебізін білдірді. Өз кезегінде қарт ана ризашылығын жеткізіп, алғыс айтты.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер