Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Ислам және ізгі қоғам» Ақтоғайда насихатталды
17 мамыр, 2023 жыл 89 Басып шығару нұсқасы

    Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен Ақтоғай ауданына арнайы қызметтік сапармен келген «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы аймақтық ішкі істер бөлімі мекемесінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Келелі кездесу «Ислам және ізгі қоғам» тақырыбында өрбіп, облыс наиб имамы мекеме қызметкерлеріне уағыз-насихат жұмыстары жүргізді. Атап айтқанда, ізгі қоғамды қалыптастыру, қоршаған ортаға құрмет, бауырмалдық, туыстық қарым-қатынас, отбасы мәселесі тақырыптары қозғалды. Сонымен қатар, мекеме қызметкерлерінің сұрақтарына да жауап берілді.

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары