Қарағанды облысы, Абай ауданына қарасты Сәрепті ауылдық мешіті күрделі жөндеуден өтіп, халықтың игілігіне берілді.
Естеріңізге салар болсақ, осыдан біршама уақыт бұрын аймақтық мешітке күрделі жөндеу жүргізіліп жатқандығын айтқан болатынбыз. Бүгінде демеуші жандардың қолдауымен жөндеу жұмыстары сәтті аяқталып, Алла үйі халыққа есігін айқара ашты. Жергілікті тұрғындардың қатысуымен мешіттің қайта ашылу салтанаты ресіми түре атап өтілді. Шараға Абай аудандық орталық мешітінің наиб имамы Жанабаев Мақсат Қошқарбекұлы арнайы қатысып, аймақ тұрғындарына өзінің құттықтауын жеткізді. Салтанатты ашылу рәсімінен кейін, тұрғындарға ас беріліп, дастархан жайылды.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер