Қарағанды қаласында орналасқан «Балқантау» жартылай дайын ет өнімдері «ҚМДБ халал» сертификатын жаңартты.
«Балқантау» сауда белгісімен шығарылатын ет өнімдері 3:2016 «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандарты» бойынша сертификатын жаңартты.
Арнайы "ҚМДБ халал" сертификатын "Төлеутай ата" мешітінің имамы Серік Аманбайұлы жұма намазына жиналған жамағат алдында ресіми түрде табыстады.
Сертификаттаудан өткізу барысында мекемеге бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, өнімдер толықтай зертханалық тексерістен өткізілді. «Балқантау» жартылай дайын ет өнімдерін «ҚМДБ халал» стандартына сай, халал екенін хабарлаймыз!
Пікірлер