Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Әнет баба» мешітінде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары еске алынды
31 мамыр, 2023 жыл 48 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары еске алынды.

Іс-шараның мақсаты -  Қазақстан халқы тарихының қайғылы кезеңдері саяси қуғын-сүргін, ашаршылық туралы халықтың ортақ тарихи жадын сақтау арқылы ұлттық бірлікті және қоғамдық келісімді нығайту.

Басқосуға Қарағанды қаласы әкімдігінің өкілдері, этномәдени бірлестіктердің мүшелері, жергілікті зиялы қауым өкілдері мен дін қызметкерлері және мешіт жамағаты қатысты.

Шара барысында саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылып, облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы марқұмдардың рухтарына арнап Құран бағыштады.

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары