Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарағанды: саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды
31 мамыр, 2023 жыл 411 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды  облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың қатысуымен 31 мамыр – ашаршылық және қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасына қатысқан ҚМДБ Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы  Спасск мемориалындағы ескерткіш белгілеріне гүл шоқтарын қойды.

Облыс әкімі бастаған  еске алу рәсіміне Еуроодақтың бірқатар елшіліктерінің өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің басшылары, аймақтың зиялы қауымы, дін қызметкерлері және жергілікті қала тұрғындары қатысты.

Шара барысында облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы қуғын-сүргінге ұшыраған марқұмдардың рухына Құран бағыштап, дұға жасады. Сондай-ақ, жазықсыз қаза тапқан алаш және ұлт қайраткерлерінің ел мен жер үшін жасаған еңбектерінің салмағы өлшеусіз екенін тілге тиек етіп, тоталитаризм жылдарында зардап шеккен отандастарымызды еске алды.

Тарихи деректерге көз жүгіртер болсақ, 2004 жылы Қарағандыда қазақ жерінде жатқан саяси қуғын-сүргін құрбандарының барлығына ескерткіш орнатылған болатын. Спасск зиратында 50-ден астам ұлт өкілдерінен шыққан 5000-нан астам адам жерленген.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары