Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Балқашта жазғы сауат ашу дәрістері басталды
06 маусым, 2023 жыл 38 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Қарағанды облысы, Балқаш қалалық мешітінде   «Имани жаз» атты жазғы сауат ашу дәрісі өз жұмысын бастады. Жазғы дәрістің алғашқы күні мешіт имамы Қалдарбеков Нұрболат Сейілханұлы балаларға «Білім алудың артықшылығы» жайында насихат айтып,өзінің батасын берді.

Дәрісте жас жеткіншектерге   әдеп сабақтармен қоса имандылық дәрістері жүргізіліп, ойын-сауық шаралары ұйымдастырылуда. Мешіт ұстаздары жас өскелең ұрпақтың иманды, рухты болуына үлкен үлес  қосып, дәріс берумен  шектеліп қана қоймай, тәрбие сағаттарын да  өткізу үстінде.

ҚМДБ-Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары