ҚМДБ-ның Қарағанды облысы, Абай ауданына қарасты Қарабас кенті мешітінде «Имани жаз» атты жазғы сауат ашу дәрісі өз жұмысын бастады. Жазғы дәрістің алғашқы күні мешіт имамы Шарифулла Шадиев балаларға «Білім алудың артықшылығы» жайында насихат айтып,өзінің батасын берді.
Дәрісте жас жеткіншектерге әдеп сабақтармен қоса имандылық дәрістері жүргізілуде.
ҚМДБ-Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер