Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Әл Машани» мешітінің спортшылары марапатталды
08 маусым, 2023 жыл 35 Басып шығару нұсқасы

  Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлының ұйымдастыруымен мешіт атынан түрлі спорттық додаларға қатысып, мешіттің абыройын көтеріп жүрген спортшыларға алғыс хат табыс етілді.

Еске салар болсақ, аталмыш комманда жақында өткен «LLF» турнирінде «Әл Машани» мешіті атынан ойын көрсетіп, белсенділік танытқан болаты. 

Сондай-ақ, басқа да түрлі спорттық додаларға қатысып, салауатты өмір салын насихаттап, діннің абыройын асқақтатып жүрген спортшыларға арнайы қазақы үйде дастархан жайылды. 

«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында өткен шара барысында аймақ имамы қонақтарға өзінің жылы лебізін білдіріп, алғысын айтты. Сонымен қатар, барлық ойыншыларға, бапкерлерге және игі істердің жүзеге асуына мұрындық болып жүрген демеушілерге алғыс хат тарту етті.

 Шара соңында Құран оқылып, бата берілді. 

ҚМДБ-Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары