Қарағанды облысы, Абай аудандық орталық мешітінде «Имани жаз» атты жазғы сауат ашу дәрісі жалғасын тауып келеді.
Жазғы дәрісте балалар тек діни сауат ашып қана қоймай, спорттық ойындар ойнап, дене шынықтыруда. Сонымен қатар, балаларға тәттілер үлестіріліп, көңілді серуендер ұйымдастырылуда.
Сондай-ақ, шәкірттерге мешіт ұстазы Дәуренбек Арғын дәріс берумен шектеліп қана қоймай, тәрбие сағаттарын да өткізу үстінде.
ҚМДБ-Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер