Қарағанды шаһарында мұсылмандар қатары тағыда бір адаммен толықты. Бұл жолы Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітіне келген неміс ұлтының өкілі Ислам дінінің ақиқаттығына көз жеткізіп, мұсылман атанды.
Хақ дінді қабылдауға келген жанға «Бала қажы» мешітінің ұстазы Нұржан Оңғарұлы кәлима шахадатты айтқызып, Ислам дініндегі бес парызды түсіндірді. Сондай-ақ, есімін Яғқуб деп өзгертті.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер