Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Uskudar» тамақтану орнына тексеріс жүргізілді
23 маусым, 2023 жыл 76 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды қаласындағы қоғамдық тамақтану орындарының бірі – «Uskudar» кафесінде халал стандарты бойынша алғашқы аудит жұмысы жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Дамудың» Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі Ысқақ Рахимбекұлы орындады. Аудит барысында халал стандарты бойынша тамақтану орындарына қойылатын талаптардың орындалуы, шикізат пен тағамдық қоспалардың шариғатқа сай болуы, өндіріс аймағының тазалығы, дайын өнімдердің тоңазытқыштар мен мұздатқыштарда дұрыс сақталуы, қызметкерлердің гигиеналық санитарлық тазалықты сақтай отырып, ас әзірлеуі секілді барлық мәселелер қарастырылды.

«Халал ас тұтыну – әрбір мұсылман үшін маңызды. Сондықтан да, кәсіпкерлер мен қызметкерлерге шариғатымыздағы халалдың орны мен маңызы, халал стандарт талаптарын сақтай отырып қызмет көрсету мәселерін түсіндіру біздің міндетіміз. Сол себепті, халал жөнінде барлығымыздың біліміміз бен ақпаратымыздың болуы шарт», – деген Ысқақ Рахимбекұлы стандарт талаптарын толықтай түсіндіріп, мекеме қызметкерлерінің қойылған сұрақтарына  жауап берді.

«Uskudar» кафесінің  сертификаттау нәтижесімен алдағы уақытта бөлісетіндігімізді хабарлаймыз!

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары