ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің жамағаты Құрбан айт мейрамын жоғары деңгейде қарсы алды.
Ең алдымен арапа күнінің құрметіне орай ораза тұтқан жергілікті жамағатқа «Этно-ауылда» ауызашар ұйымдастырылды. Одан кейін, 28 маусым күні, таңғы сағат 06:00-де мешіт ауласында айт намазы оқылып, ұлық мереке құлшылықпен бастау алды.
Ұлы мейрамда Алла үйінде бас қосқан жергілікті жамағатты мешіт имамы Бейбіт Бақытжанұлы Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Айт мерекесінің қадір-қасиетін ашықтап, мейрамды берекелі, сауапты өткізуге шақырды.
Жамағатқа айт құтпасы жеткізілді. Намаз соңында барша жамағат ел мен жердің амандығын тілесіп, дұға жасады.
Ұлық мейрам қазақтың ұлттық ойындарымен жалғасты. «Этно ауылда» қасиетті құрбан айттың құрметіне «садақ ату», «асық ойнау», «қол күрес», «арқан тартыс», «кір тасын көтеру» сынды түрлі қазақи ойындар ұйымдастырылып, жүлделі орындарға сыйлықтар берілді.
Сондай ақ, балаларға да түрлі сыйлықтар мен 300 балмұздақ таратылды. Артынша жалпы жамағатқа құрбандық етінен ыстық ас таратылды
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер