Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚҰРБАН АЙТ МЕЙРАМЫ АБАЙДА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ
29 маусым, 2023 жыл 37 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық мешітінің жамағаты  Құрбан айт мейрамын жоғары деңгейде қарсы алды. 

Таңғы сағат 06:00-де мешіт ауласында айт намазы оқылып, ұлық мереке құлшылықпен бастау алды.

Ұлы мейрамда Алла үйінде бас қосқан жергілікті жамағатты мешіт имамы Асхат Қанайұлы Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Айт мерекесінің қадір-қасиетін ашықтап, мейрамды берекелі, сауапты өткізуге шақырды. 
Жамағатқа айт құтпасы жеткізілді. Намаз соңында барша жамағат ел мен жердің амандығын тілесіп, дұға жасады.

Ұлық мейрам қазақтың ұлттық ойындарымен жалғасты. Атап айтқанда, «қазақ күресі, «қой көтеру», «кір тасын көтеру, «қол күресі» сынды ойындардан жергілікті жамағат бақ сынасты.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары