Қарағанды облысына қарасты Балқаш қалалық мешітінде "Имани жаз 2023" атты жазғы діни сауат ашу курсы аяқталды.
Биылғы сауат ашу курсына 120 ға жуық қыз және ер балалар қатысып, білімдерін шыңдады.
Оқудың соңында балалардан бір ай бойы оқыған білімінен тест түрінде емтихан болды.
Тест ден ең көп бал жинаған алғашқы үш шәкірт қымбат сыйлықтармен бірінші орынға велосипед, екінші орынға қол телефон, үшінші орынға планшет және арнайы сертификатпен марапатталды.
Соңында бас имам Қалдарбеков Нұрболат Сейлханұлы барлық курсқа қатысушыларға алғысын айтып, батасын берді.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер