Қарағанды облысына қарасты Бұқар жырау ауданы «Жыржыс қажы» мешітінің имамы Акошев Рүстем Мұратұлы ауданға қарасты Баймырза елдімекенінде салынып жатқан мешіт құрылысымен танысты.
Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының арнайы тапсырмасы бойынша қызметтік сапармен аймаққа ат басын бұрған аудан имамы бой көтеріп жатқан құлшылық үйін толықтай аралап, дін қызметкерлерінің жұмыс барысын пысықтап, зерделеу жұмыстарын жүргізді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер