Қарағанды облысындағы кәсіпорындардың бірі «Сары-Арқа-Аюлы» АШӨК қасапханасы «QMDB Halal» сертификатына ие болды. Сертификатты Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы табыстады.
Халал Даму ЖШС-ның технолог мамандары қасапханада бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп, қасапшыларға «Шариғат және халал стандарты бойынша мал сою, ет өңдеу» тақырыбында арнайы оқу-семинар өткізді. Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша, қасапханаға «Ауылшаруашылығы жануарлары мен құстарын сою», «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау, сату стандарты» талаптары бойынша «QMDB Halal» сертификатын жаңартты.
«Сары-Арқа-Аюлы» АШӨК қасапханасы «QMDB Halal» стандартына толықтай сай екендігін хабарлаймыз!
Пікірлер