«Дін мен дәстүр» тақырыбы аясында Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде «Бірлігі жарасқан жамағат» атты уағыз-насихат шарасы болып өтті.
Аптаның әр бейсенбі күні берекелі дастархан басында бас қосуды үрдіске айналдырған жамағатқа “Қазыбек би” мешітінің имамы Төлтаев Ербол Мұқанұлы уағыз-насихат айтып, көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап берді. Шараның басты мақсаты жамағат арасындағы ауызбіршлік пен бауырмалдықты нығайту.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер