Қарағанды облысына қарасты Саран қалалық мешітінің имамы Нұржігіт Оразалыұлының ұйымдастыруымен аймақтық мешіттің ауласына тазалық жұмыстары жүргізілді.
«Тазалық - иманның жартысы» деп білген дін қызметкерлері жаппай құлшылық үйінің айналасына тазалық жұмыстарын жүргізіп, ауланы қоқыстан тазартты. Әбу һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Алла Тағалаға елді мекеннің ең көрікті жерлері – мешіттер»,-деген. Алла үйінің тазалық жұмыстарынан жергілікті жамағат пен мешіт қызметкерлері жұмыла ат салысып, мешіт ауласын мұнтаздай етті.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер