Қарағанды облысына қарасты Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінде «Имани жаз 2023» атты қыз балаларға арналған жазғы діни сауат ашу курсы өз жұмысын аяқтады. Курсты тәмамдаған бүлдіршіндерге мешіт ұстаздары Ақниет Дәуірғалиқызы және Бағдат Шәкенқызы арнайы сертификат табыстап, бүлдіршіндерге жылы лебізін білдірді. Жылдағы дәстүр бойынша ұйымдастырылған жазғы оқу лагерінде мектеп жасындағы балаларға ислам әдебі, иман негіздері, Құран әліппесі секілді пәндер жүргізіліп, исламның алғышарттарын үйретті. Ата аналар разылықтарын білдіріп, мешіт ұжымына алғыстарын білдірді. Марапаттау рәсімінен кейін балаларға сыйлықтар табысталып, ас берілді.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер