Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Нұр» мешітінде жазғы дәріс аяқталды
20 шілде, 2023 жыл 91 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысына қарасты Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде «Имани жаз-2023» атты жасөспірімдер арасындағы жазғы діни сауат ашу курсы өз жұмысын аяқтады. Курсты тәмамдаған бүлдіршіндерге мешіт имамы Әсет Наурызбайұлы арнайы сертификат табыстап,   бүлдіршіндерге жылы лебізін білдірді. Жылдағы дәстүр бойынша ұйымдастырылған жазғы оқу лагерінде мектеп жасындағы балаларға ислам  әдебі, иман негіздері, Құран әліппесі секілді пәндер жүргізіліп, исламның алғышарттарын үйретті. Ата аналар разылықтарын білдіріп, мешіт ұжымына алғыстарын білдірді. Марапаттау рәсімінен кейін балаларға сыйлықтар табысталды.

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары