Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Алтын құрсақты анаға құрмет көрсетілді
21 шілде, 2023 жыл 40 Басып шығару нұсқасы

    ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының  Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің бастамасымен «Алтын құрсақты анаға көмек» жобасы аясында   әлеуметтік көмекке мұқтаж жалғыз басты анаға  қаржылай көмек көрсетілді.

Қайырымдылық шарасы барысында  қордың облыс бойынша жауапты өкілі Мирас Ерланұлы  жалғыз басты ананың шаңырағына арнайы келіп,  қайырымдылық сертификатын табыстады.
Әлеуметтік көмекке мұқтаж көп балалы ана қазіргі уақытта алты баланы жалғыз бағып отыр. Оның біреуі мүгедек болып туылған. 

Шара барысында  көп балалы отбасының от анасы қайырымдылық жұмысының іске асуына мұрындық болған Мирас Ерланұлына, атсалысып жүрген жомарт жандар мен дін қызметкерлеріне алғысын жеткізді. Айта кетейік, қажетті қаражат демеушілер мен жанашыры жандардың қолдауымен жиналды.


Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары