ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен Балқаш қалалық мешітінде Бұқар Жырау бабамыздың 355 жылдығына орай шығармаларын жатқа оқудан сайыс болып өтті.
Бұл сайыстың мақсаты бабамыздың даналығына жастардың қызығушылығын ояту, жыраудың даналығының сырын білуге, зерттеуге тарту. Ең басты мақсат– жеткіншектердің ақын шығармаларын терең түсініп, жаттап, бойларынан өткізіп, жүректеріне ұялату.
Сайыс соңында Балқаш қалалық мешітінің имамы Қалдарбеков Нұрболат Сейлханұлы жеңімпаздарды құттықтап, ақшалай серификат табыстады.
І орын 70 мың;
ІІ орын 50 мың;
ІІІ орын 30 мың.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер