Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде «Бір айда бір кітап» жобасы аясында Бұқар Жыраудың шығармаларынан дәріс өтті.
"Ихсан ілімі" аясында өткен рухани дәрісте мешіт наиб имамы Айтқазин Рауан жыраудың тарихи шығармаларындағы қазақ жастарына берер тәрбие танымдық тұстарын саралап түсіндірді.
Айта кетейік, ҚМДБ-ның бастамасымен ай сайын «Бір айда бір кітап» жобасын ұйымдастыру алға қойылған болатын. Осы мақсатта жүзеге асқан рухани шара алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер