Белгілі РАНТ мүшесі, Маңғыстау орталық мешітінің наиб имамы Юнус Қадырқұлұлы Асга Қарағанды өңіріне жасаған қызметтік іс-сапары барысында кезекті сұхбатын жергілікті «Saryarqa» телеарнасында «Отбасы тәрбие бастауы» тақырыбында жалғастырды.
Онда имам отбасындағы ер мен әйелдің рөлі, қазақи болмыс пен мұсылмандық міндеттің сабақтастығы, ажырасудың себеп-салдары, бұрынғы ата-бабалар дүниетанымы мен олардың ұстанған салт-дәстүріндегі отбасының рөлі және исламдағы бала тәрбиесі жайлы әңгіме өрітті. Сондай-ақ, журналистің қойған сауалдарына нақты жауап берді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер