Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде әйелдер жамағатына арналған құраннан діни сауат ашу дәрістері басталды.
Дәрісті облыстық мешітінің ұстазы Әйгерім Берікболқызы жүргізіп, шәкірттерге "Құран оқып үйренудің артықшылығы" жөнінде уағыз-насихат айтты.
Насихат барысында мешіт ұстазы жиналған жамағатқа: "Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.):«Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп оны үйреткендерің», – деп өсиет қалдырған. Сол үшін де сіздер мен біздердің ниетіміз Алла разылығы үшін құран үйрену болатын болса баршамыз ең жақсы адамдар қатарына қосылатынымыз сөзсіз" - деп құран оқудың артықшылығын түсіндірді.
Әртүрлі жастағы шәкірттерге алдағы уақытта құран пәнінен бөлек, фиқһ, ақида, әдеп, ислам тарихы, тажуид сынды пәндер бойынша дәрістер жүргізілмек.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер