ҚМДБ-ның Қарағанды облысы өкілдігі және облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Әнет баба» мешітінде «Деструктивті теріс идеологиялық ағымдардың салдары мен қаупі» атты діни оңалту жұмыстарына қатысты семинар болып өтті.
Семинарға аймаққа қарасты теологтар қатысты.
«Жат ағымдардың алдын алу, онымен күрес бүгінгі таңдағы келелі міндеттердің біріне айналып отыр. Біз әркез жат ағымдарға қарсы бағытталған шараларды басты бағыт ретінде жүргізіп келеміз. Жүйелі жұмыстар оң нәтиже беріп отыр», - деп атап өтті, шараның ашылуында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Ақниет Сәлімбайұлы.
Семинарға арнайы қатысқан белгілі РАНТ мүшесі, Маңғыстау орталық мешітінің наиб имамы Юнус Қадырқұлұлы Асга дәріс оқып, жат ағымдармен күрестің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, ислам тарихынан, кері ағымдардың пайда болу оқиғаларынан құнды ойлар сабақтады. Дәстүрлі ханафи мәзһабының қазақ қоғамындағы мәдени және әлеуметтік саладағы атқаратын рөлі, діни экстремизмнің зиянды тұстары мен қазақ халқының ұлттық құндылықтары туралы ақпарат берді. Жат ағымның алдын- алу үшін атқарылатын шаралар мен оны жүзеге асырудың бағыт-бағдары түсіндірді. Жиын соңында семинарға қатысқан теологтарға рнайы сертификат табысталды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер