Қарағанды облысы, Абай ауданына қарасты Қарабас кенті мешітінде «Имани жаз-2023» атты жасөспірімдер арасындағы жазғы діни сауат ашу курсы өз жұмысын аяқтады. Курсты тәмамдаған бүлдіршіндерге мешіт имамы Шарифулла Шадиевжылы лебізін білдіріп, батасын берді. Жылдағы дәстүр бойынша ұйымдастырылған жазғы оқу лагерінде мектеп жасындағы балаларға ислам әдебі, иман негіздері, Құран әліппесі секілді пәндер жүргізіліп, исламның алғышарттарын үйретті.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер