Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарағанды қаласы тағы бір мешітпен толықпақ
09 тамыз, 2023 жыл 494 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлы  қалада  бой көтеріп келе жатқан жаңа мешіттің құрылысымен танысты.

Қаладағы «Жәнібекова» көшесі,  141- үй мекен-жайында орналасқан құрылыс нысаны 200 адамға арналып салынуда.  

Ғимараттың ішінде ерлер және әйелдер намазханасымен қатар құлшылық рәсімін өткізу залдары, асханасы мен дәретханасы қарастырылған. 

Екі қабаттан тұратын құлшылық үйін бастап салушы кәсіпкер Мұхтаров Қуантай Амангелдіұлы облыс бас имамына Алла үйінің құрылыс барысынан хабар берді.

Облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы жаңа мешіт құрылысын жоспарланған уақытта аяқтау қажеттігін тапсырып, құрылыс жұмысы барысында қауіпсіздік шараларына баса назар аудару қажеттігін жеткізді. 

Сонымен қатар, мешіт құрылысына көмектесіп жатқан демеуші азаматтарға алғыс айтып, жұмыстарына береке тілеп, дұға жасады.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары