Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Лавка фермера», «Ұлан Ет» дүкенінің сертификаты жаңартылды
10 тамыз, 2023 жыл 55 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды қаласындағы «Сембекова Ж.Ж.» ЖК  «Лавка фермера», «Ұлан Ет» ет дүкені ҚМДБ Халал сертификатын жаңартты.

Арнайы сертификатты стандарттау бөлімінің Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Амангелді Дәулеткелдіұлы табыстады.

Сертификаттау барысында күллі мұсылман қауымы үшін адал ас ұсыну мен дайындаудың жауапкершілгі мол екендігін айта кете, мекемеге ай сайын тұрақты тексеріс жұмысын жүргізетінін ескертті.

Ет дүкені толықтай тексерістен өткізіліп 1:2016 “Мал бауыздау және ет өңдеу” және 1:2015 «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандарты бойынша стандартталды.

Жауапты маманның қадағалауы мен бақылауындағы «Сембекова Ж.Ж.» ЖК  кәсіпкерлігіне тиесілі «Лавка фермера», «Ұлан Ет» дүкенінің өнімдері «ҚМДБ халал» стандарты талаптарына толықтай сай.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары