Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Саранда жанұялық діни сауат ашу дәрісі басталды
14 тамыз, 2023 жыл 47 Басып шығару нұсқасы

  ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының  бастамасымен  Саран қалалық мешітінің имамы Нұржігіт Оразалыұлының ұйымдастыруымен «Отбасыңмен дәріс ал» атты жанұялық діни сауат ашу дәрісі басталды.

Дәрістің алғашқы күні мешіт имамы жиналған қауымға білім алудың артықшылығы жайында насихат айтып, шараның басты мақсатын түсіндірді.

Арнайы дәріс ер және әйел адамдарға бөлек берілуде. Сонымен қатар, жас жеткіншектерге де бөлек дәріс жүргізілуде. Сауат ашу дәрісінде облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Ақниет Сәлімбайұлы ер адамдарға дәрі берсе, әйелдер жамағатна «Төлеутай ата» және «Бала қажы» мешітінің ұстазы Фатима Аманболдықызы дәріс беруде.

Айта кетейік, дәріс әр жексенбі кешкі сағат 07:00-де өтуде.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары