ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен «Ислам және ізгі қоғам» тақырыбы аясында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде бірлігі жарасқан жамағат кезекті дәстүрге айналған дастархан басында бас қосты.
Дін мен дәстүрдің құндылықтары сабақтасқан рухани отырыста Қарағанды қалалық «Хазрет Әли» мешітінің имамы Әлімжан Қазақбайұлы уағыз-насихат айтты. Одан кейін, «Дін мен дәстүр» бағытының облыс бойынша жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлы жиналған қауымға дәстүрге қатысты сұрақ-жауап ұйымдастырып, дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар үлестірді.
Үрдіске айналған бұл шарада елуге жуық мешіт жамағаты дастахан басында бас қосты.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер