Адамгершілік пен имандылықтың асыл құндылықтарын іздеген жандар Исламға бет алуда. Соңғы жылдары Ислам дінін қабылдаушылар қатары күн санап көбейіп келеді.
Қасиетті жұма күні Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде өзге ұлт азаматшасы Ислам дінін қабылдады.
Ол өз сөзінде имандылық пен адамгершілік, тазалық, шынайылық тек Ислам дінінен тарайтынын айтып, тілін кәлимаға келтіріп, Ұлы Алланың хақ дініне мойын сұнғысы келетінін білдірды.
Оның мұсылмандықты қабылдау рәсімін облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Ақниет Сәлімбайұлы өткізіп, һақ дінімізді таңдаған қадамына сауап тіледі. Айта кетейік, өмірін жаңа парақтан бастаған жерлесіміз есімін Әмина деп өзгертті.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер