Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы Балқашта өтті
26 тамыз, 2023 жыл 56 Басып шығару нұсқасы

  Қарағанды облысына қарасты Балқаш қалалық   мешітінің имамы Қалдарбеков Нұрболат Сейлханұлының ұйымдастыруымен   «Мектепке жол»  қайырымдылық акциясы өтті.

Қайырымдылық шарасы барысында сөз алған қала имамы білім алудың дініміздегі орны мен сауабы жайлы насихатын айтты. Елдің ертеңі болған мектеп оқушыларына қолдау ретінде өтіп жатқан шараның маңызына тоқталды. Сондай-ақ осы шара аясында қаладағы әлеуметтік аз қамтылған 80 отбасыға оқу құралдары салынған мектеп сөмкелері үлестірілетінін жеткізді. Сөз соңында  с имам сауапты іске атсалысқан аудан мешіттерінің имадарына, қайырымдылық шарасы үшін қаражат жинауға атсалысқан блогер-вайнерлер мен кәсіпкер азаматтарға алғыс білдірді.  

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары