Қарағанды облысына қарасты Нұра аудандық мешітінің имамы Ерлан Серікұлының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті.
Іс-шара барысында балаларға мектепке қажетті сөмкелер мен құрал-жабдықтар табысталды. Қайырымдылық шарасына қатысқан Нұра аудандық мешіт имамы Ерлан Серікұлы ата-аналар мен балаларды алдағы жаңа оқу жылымен құттықтап, оқуда озат, еңбекте табысты болуын тіледі. Қайырымдылық шарасы аясында жағдайы төмен, көпбалалы отбасында тұратын, оқушыларға (дәптерлер, қалам, сызғыш, циркуль, бояу, түрлі түсті қалам, түрлі түсті журнал, сурет дәптер, қалам ұштағыш, желім, аяқ киімдер т.б.) үлестірілді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер