Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы Топар кентінде өтті
28 тамыз, 2023 жыл 51 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысы, Абай ауданына қарасты Топар кенті «Жұмабек Тәшен»  мешітінің имамы Ақмағамбет Мурсали Қаленұлының  ұйымдастыруымен   «Мектепке жол»  қайырымдылық акциясы өтті.

Қайырымдылық шарасы барысында сөз алған кент имамы білім алудың дініміздегі орны мен сауабы жайлы насихатын айтты. Елдің ертеңі болған мектеп оқушыларына қолдау ретінде өтіп жатқан шараның маңызына тоқталды. Сондай-ақ осы шара аясында қаладағы әлеуметтік аз қамтылған 16 отбасыға оқу құралдары салынған мектеп сөмкелері үлестірілетінін жеткізді. Сөз соңында  имам сауапты іске атсалысқан аудан мешіттерінің имадарына, қайырымдылық шарасы үшін қаражат жинауға атсалысқан  кәсіпкер азаматтарға алғыс білдірді.  

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары