ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының және Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы болып өтті.
Шараға облыстық "Әнет баба" мешітінің наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы, «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Мирас Ерланұлы арнайы қатысты. Рухани шара барысында аймақтық мешіт имамы Нұров Махмұд Нұрұлы ата-аналар мен балаларды алдағы жаңа оқу жылымен құттықтап, оқуда озат, еңбекте табысты болуын тіледі. Акция аясында балаларға мектепке қажетті сөмкелер мен құрал-жабдықтар табысталды. Қайырымдылық шарасы барысында жағдайы төмен, көпбалалы отбасында тұратын алпысқа жуық оқушыларға (дәптерлер, қалам, сызғыш, циркуль, бояу, түрлі түсті қалам, түрлі түсті журнал, сурет дәптер, қалам ұштағыш, желім, аяқ киімдер т.б.) үлестірілді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер