ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қоры және Теміртау қаласына қарасты Ақтау кенті мешітінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы болып өтті.
Шараға «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Мирас Ерланұлы және Ақтау кенті мешітінің имамы арнайы қатысып, ата-аналар мен балаларды алдағы жаңа оқу жылымен құттықтап, оқуда озат, еңбекте табысты болуын тіледі. Акция аясында балаларға мектепке қажетті сөмкелер мен құрал-жабдықтар табысталды. Қайырымдылық шарасы барысында жағдайы төмен, көпбалалы отбасында тұратын онға жуық оқушыларға (дәптерлер, қалам, сызғыш, циркуль, бояу, түрлі түсті қалам, түрлі түсті журнал, сурет дәптер, қалам ұштағыш, желім, аяқ киімдер т.б.) үлестірілді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер