Қарағанды облысы, Абай ауданына қарасты Қарабас кенті мешітінің имамы Шарифулла Шадиевтің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті.
Қайырымдылық шарасы барысында сөз алған кент имамы білім алудың дініміздегі орны мен сауабы жайлы насихатын айтты. Елдің ертеңі болған мектеп оқушыларына қолдау ретінде өтіп жатқан шараның маңызына тоқталды. Сондай-ақ осы шара аясында қаладағы әлеуметтік аз қамтылған 20 отбасыға оқу құралдары салынған мектеп сөмкелері үлестірілетінін жеткізді. Сөз соңында имам сауапты іске атсалысқан аудан мешіттерінің имадарына, қайырымдылық шарасы үшін қаражат жинауға атсалысқан кәсіпкер азаматтарға алғыс білдірді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер