«Маки-маки» фаст-фуд өнімдерінің Қарағанды қаласындағы сауда нүктесі ҚМДБ халал стандарты бойынша сертификатын жаңартты.
Мекеме «Тамақтандыру қызметтері», «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптарына сай деп танылып, "Халал Дамудың" Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Амангелді Дәулеткелдіұлы "ҚМДБ халал" сертификатын табыстады.
Сертификаттаудан өткізу барысында «Maki-maki» дәмханасында бақылау-қадағалау шаралары қайта жүргізіліп, өнімдер толықтай зертханалық тексерістен өткізілді. «Маки-Маки» фаст-фуд өнімдерінің Қарағанды қаласы, "Құрылысшылар" даңғылы 4 мекен-жайында орналасқан нүктесі «ҚМДБ халал» стандартына сай, халал екенін хабарлаймыз!
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер