Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Теміртауда Мәуліт және «Тәж кию» рәсімі өтті
18 қыркүйек, 2023 жыл 47 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысына қарасты Теміртау  орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінде әйел-қыздар жамағатына арналған  Мәуліт кеші және Құранға түскен қыздарға «Тәж кию» шарасы ұйымдастырылды.

Рухани шара мешіт ұстаздары Бағдат Шәкенқызы және Ақниет Дәуірғалиқызының ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Мерейлі мерекеге жүзге жуық  нәзікжанды жамағат қатысып, құлшылық ордасынан рухани нәр алып қайтты.

Құран аяттарын оқуымен басталған рухани шараға  «Әйел-қыздар» секторының Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі Айгерім Берікболқызы, "Әл Машани" және "Бала қажы" мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызы, "Әнет баба" мешітінің ұстазы Арай Серғалтқызы  арнайы қатысып, әйелдер жамағатын қасиетті мәуліт айының келуімен құттықтады. Жиналған қауымға уағыз-насихат айтып, Құранға түскен шәкірттерге ыстық лебізін білдірді.

Сонымен бірге, арнаулы қонақтар мен ақжаулықты аналар құттықтау сөз сөйлеп, мерекенің мерейін асырды. Мерекелік шара аясында берекелі дастархан жайылды.

Рухани шара барысында Құранға түскен 40 шәкіртке «Тәж кию»  рәсімі өтті.

Шара соңында мешіт ұстаздары сауапты шараға атсалысқан барша мұсылман бауырларға алғысын білдірді. Мерекелі шараның қадірлі қонақтары мен жамағатына сыйлықтар үлестірілді.

Игі шарада бас қосқан әйелдер жамағаты осындай сауапты қызметте жүріп, шәкірттерге Құран оқытуды үйретіп, білімге баулып жатқан мешіт ұстаздарына үлкен алғыстарын білдіріп, ризашылықтарын жеткізді. 

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары