Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің ұстазы Карина Қайратқызының ұйымдастыруымен әйелдер жамағатына «Ана болудың діндегі орны» атты семинар болып өтті.
Әйелдердің денсаулығына қатысты өткен шарада нәзікжандылар дені сау ана болу жолында қажетті болар құнды деректермен сусындап, көкейлерінде жүрген түрлі сауалдарына жауап алды. Шара барысында мешіт ұстазы жиналған қауымға «Исламдағы әйел адамның мәртебесі» тақырыбы аясында уағыз-насихат айтты.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер