Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Әл Машани» мешітінде «Отбасы жауапкершілік» тақырыбында дәріс өтті
18 қыркүйек, 2023 жыл 32 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызының ұйымдастыруымен өтіп жатқан Отбасы ғылымхалы дәрісінде мешіт шәкірттеріне «Отбасы жауапкершілік» тақырыбында уағыз-насихат айтылды.

Дәріске діни сауат ашу курсында білім алып, іс-шараларға белсенді қатысып жүрген шәкірттер қатысты. Мешіт ұстазы насихат барысында Пайғамбар (с.ғ.с.) сүннетіне сүйене отырып, жанұядағы жарасымдылықты арттырып, жұбайлық өмірдің жақсылығына жетелейтін жолдарды баяндады. Басқосу соңы әдеттегідей шәкірттердің сауалына кезек беріліп, әркім өзіне қажетті ақпаратты анықтап алды. 

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары