ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Айтқазин Рауан Төлеубекұлы Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің наиб имамы қызметіне тағайындалды.
Қасиетті жұма күні Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Ербол Мұқанұлы жаңа наиб имамды жиналған жамағатқа таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Айтқазин Рауан Төлеубекұлы
1984 - жылы 15 желтоқсанда Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген.
Білімі:
- 2010-2013 жж Астана медресесі;
- 2018 - жылы екі айлық имамдардың білімін жетілдіру курсы;
- 2018 - жылы Астана қаласында бір айлық «Зияткер имам» курсы;
- 2022 – жылы «Әл-Әзһар» университетінде екі айлық онлаин курс.
Еңбек жолы:
- 2013-2014жж Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы «Құнанбай қажы» мешітінде наиб имам;
- 2014-2023жж Балқаш қалалық мешітінде наиб имам қызметін атқарды.
Үйленген, 5 баласы бар.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер