ҚМДБ-ның Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлының ұйымдастыруымен мешіт жастары арасында футбол ойындарын өткізу дәстүрге айналған.
«Жастар ісі» секторы бөлімінің мұрындық болуымен өткізіліп келе жатқан спорттық шара тағы бір мәрте жалғасын тауып, мешіт жамағаты футбол алаңында бас қосты.
"Бірлігі жарасқан жамағат" тақырыбы аясында өткен сайыстың мақсаты жамағат арасында бірлікті арттырып, салауатты өмір салтын насихаттау. Айта кетейік, дәстүрлі ойын әр апта ұйымдастырылады.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер