Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Нұралықтар ауыз ашарға жиналды
15 шілде, 2014 жыл 97 Басып шығару нұсқасы

Алладан әр ісінің берекесін, қайырын, жақсылығын сұраушы мұсылман қауымы әрдайым сауапты істерге асығады. Бүгінде ел арасында шама шарқы жеткені елді жинап ауыз ашар беріп үлкен сауапқа қалуда. Ауыз бекіткен адамға ауыз аштырудың маңыздылығына мән берген мұсылман бауырларымыз көбейіп келеді. Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Кімде кім бұл айда аузы берік бір адамға ауыз ашар берсе, күнәлары кешіріледі. Сол аузы берік адамның алған сауабындай сауап бұған да беріледі» дегенінде үлкен мән бар. Сондай-ақ жолда кетіп бара жатып, кез-келген аузы берік адамға бір дана құрма берумен ауыз ашар беру сауабына қауышады деген. Жақында Нұра ауданы әкімінің орынбасары Бекмағамбет Досбол Боташұлының демеушілігімен аудан тұрғындары ауыз ашарға жиналды. Ақшам намазынан соң 80-ге жуық адам ауыз ашарға арналған дастарханға жайғасып уағыз-насихат тыңдады. ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы жиналған қауымға Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің жиналған жамағатқа жолдаған сәлемін, құттықтауын айтып өтті. Сонымен қатар Өмірзақ қажы Қазкенұлы шалғай ауылдарда күннің аптап ыстығына қарамастан ауыз бекітіп Алла разылығы үшін жүрген жандарға оразасы қабыл, мұраты асылынан болсын деп бата қайырды.


[gallery link="file" columns="5" ids="8122,8123,8124,8125,8126"]


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары