Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Бас мүфти ауызашар берді
18 шілде, 2014 жыл 82 Басып шығару нұсқасы

Жылдағы дәстүрге сай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы «Алматы» қонақ үйінің «Есік» мейрамханасында ауызашар берді.


Ауызашарға зиялы қауым өкілдері, ел тізгінін ұстаған азаматтар, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар ұйымдарының мүшелері, белсенді жастар келді.


Мерекелік кешті әнші Сәкен Қалымов жүргізді. Алдымен наиб мүфти Серікбай қажы Ораз қасиетті Құран аяттарын оқып, бата жасады.


Ауызашар дастарханында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы келген қонақтарды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, имандылықты дәріптейтін уағыз-насихат айтты. Он екі айдың сұлтаны болған Рамазан айы Аллаһ Тағаланың мейірім нұры жауатын кешірім айы екеніне кеңінен тоқталды.


Мерекелік шарада Өмірзақ Айтбайұлы жиналғандарды барша мұсылман баласы айлардың сұлтаны санап, үлкен қуаныш, ерекше үмітпен өткізетін Рамазан айымен құттықтап, «Оразаларыңыз қабыл болсын!» деген тілегін жеткізді.


Мәні мен сәні жарасқан ауызашар дастарханында ғибратты уағыздар айтылып, қасиетті Ораза айы жайлы бейне баян көрсетілді. Сондай-ақ, ізгі шарада ұлтымыздың өнері насихатталып, жиналған қауым елге танымал өнерпаздардың орындауындағы әуезді жыр-термелерге құлақ құрышын қандырып қайтты.


[gallery columns="4" link="file" ids="8233,8234,8235,8236,8237,8238,8239,8240,8241,8242,8243,8244,8245,8246,8247,8248,8249,8250,8251,8252,8253"]

muftyat.kz





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары