Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Жомарттығымен жарысқа түседі
18 шілде, 2014 жыл 75 Басып шығару нұсқасы

Жомарттығымен жарысқа түседі Нигерия мемлекетінде Рамазан айындағы дәстүр бойынша қалталы азаматтар мен шекпенділер арасында қайырымдылық акцияларын ұйымдастырып, қалың бұқараға қол ұшын созудан сайыс болады десек, артық айтпаймыз.


«Қазіргі кезде штатта 84 тамақтандыру орталығы ашылды» дейді Сокото штатының дін істері жөніндегі комиссары Тукур Алкали. Сондай-ақ, оның айтуынша, штат билігі қайы-рымдылық шарасына 175 млн найр (шамамен 165 млн теңге) қаржы жұмсаған.


Мұндай қайырымдылық шаралары тек Сокото штатында ғана емес, елдегі барлық штат-тарда белең алып, жұртқа жақсылық жасауға құлшынғандардың қатары күн санап өсіп келе жатқанын айтады. Мысалы, Иобе штатында мұқтаждарға арналып 91 млн найр жұмсалған.


Елдегі күріш өндірісінің ірі кәсіпкері Исиват Аканденің айтуынша, оның қоймасынан азық-түлік қорын үлкен көлемде сатып алып, жұртқа таратушылардың саны артқан.


Жолдасбек Дуанбай


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары