АҚШ-тағы Мюрре кардиология институтының сарапшылары ораза тұтқан адамның ағзасында май клеткаларындағы зиянды холестиринді энергияға айналдыратын пайдалы бір процестің жүретінін алға тартуда.
Сан-Францискода өткен Диабеттің америкалық қауымдастықтың отырысында бұл процестің қант диабеті алдындағы факторлармен күресуде маңызы өте жоғары екені ай-тылған.
Зерттеу жұмыстарына қан құрамында глюкозасы жоғары 30 бен 69 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер қатысқан. Соның нәтижесінде ғалымдар мынадай тоқтамға келеді: «Ораза антидиабеттік процедура саналады. Оны он жылға дейін үзбей ұстау қант диабеті мен жүректің ишемиялық ауруларынан ада болудың кепілі». Мұндай пікірді аталған уни-верситеттің жүрек қан-тамыр аурулары мен генетикалық эпидемиология бөлімінің дирек-торы Бенджамин Хорн айтқан. Демек, ораза құлшылық, не рухани тазару ғана емес, тәнге де төнген қауіптің басын қайтара алатын қабілетке ие.
Пікірлер